Гүлзина Ғұсманова
Жәнібек аудандық аналар кеңесінің мүшесі
– Биылғы Жолдаудың орны – барлығымыз үшін ерекше. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ана мен бала, отбасы жайлы, сондай-ақ балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстардың жазасы күшейтілетіндігі жөніндегі мәселелерге тоқталды.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру аға ұрпақтың жауапкершілігінде. Аналар кеңесінің төрайымы ретінде ұлт болашағы үшін отбасы мен бала тәрбиесінің рөлі мен үшін аса маңызды.
Жолдауда айтылғандай, балаларға қатысты қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайды. Бұл баласы үшін уайым кешкен әрбір ата-ана үшін мықты қолдау болатынына сенімдімін.