3.09.2024, 9:00
Оқылды: 251

Түркістан облысында қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылды

Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіште далалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Зерттеу объектісі Қызылкөл тарихи-мәдени нысанда орналасқан Ғибадатхана және екі қорған болды. Нәтижесінде, қаңлы мәдениетіне қатысты, б.з.д. ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

93B2E874-9ABE-455F-BB18-114696D11E32

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазба жұмыстары кезінде ірі қара және ұсақ малдың сүйектері мен мүйіздері, тас дәнүккіш, келі, диірмен т.б. еңбек құралдарының бөліктері, қыш ыдыс тұтқалары, киімге арналған түйме фрагменттері алынды.

03050162-49CC-4128-AF17-B7E2E2B7D78B

Ғибадатхананың батыс бөлігінде ашылған бөлменің ішінде 60 см тереңдікте ғұрыптық бұйым (курильница) ыдысының кішкене бөлігі сақталған цилиндр пішінді, табаны жайпақ тұғыр табылды.

BFA87006-E20A-4779-AC1C-E4B6BB6742F8

Ескерткіштің биік таулар мен көлдерге жақын орналасуы, ғибадатхананың ерекше құрылымы мен табылған жәдігерлердің түрлері құрылыстың ғұрыптық ғибадатхана ретінде пайдаланылғанын көрсетсе, тас құралдар егіншіліктің, атап айтқанда, егін жинаудың дамығанын көрсетеді.

3940FC91-E925-45B3-ACAB-96EF87B94A17

Орталық музей археологтары Қазақстанның көне тарихының жаңа парақтарын аша отырып, еліміздің әр өңіріндегі тарихи нысандарда архологиялық қазба  жұмыстарын жүргізуді алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале