3.09.2024, 10:15
Оқылды: 81

Шекара бұзған 36 шетелдік ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында тамызда құзырлы органдармен өзара бірлесе отырып, шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған азаматты ұстады. Оның ішінде 36 шетел азаматы шекараны бұзған, 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

F1B3D23D-6CBF-43A0-A1F4-AACBD75D2345

Сурет: ҰҚК

«Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактісіне тосқауыл қойылды. Соның ішінде:

48 – есірткі заттары, 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі), 27 – діни әдебиет (492 дана), 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (107 000 литрден астам), 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары, 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта», делінген хабарламада.

Сонымен қатар ҰҚК Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактінің алды алды.

Жалпы залал сомасы 19,4 млн теңгені құрайды.

«Бұл фактілер бойынша материалдар құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді», - деп мәлімдеді ҰҚК-ның баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале