Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекітуді тапсырды. Бұл тақырыпта Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндама жасады.
Сурет: Үкімет
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында жылу, электр және сумен жабдықтау кәсіпорындарында жабдықтардың тозуына талдау жүргізілді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес, 22 жылумен жабдықтау кәсіпорындарында тозу көрсеткіші 65%-дан 90%-ға дейін, 18 электрмен жабдықтау объектілерінде – 70%-дан 97%-ға дейін, 13 сумен жабдықтау кәсіпорындарында – 70%-дан 100%-ға дейін, 24 су бұру кәсіпорындарында – 70%-дан 100%-ға дейін құрады. Сонымен қатар 55 энергия өндіруші ұйымда жабдықтың орташа тозуы 56%-ды құрайды.
Алдын ала бағалаулар бойынша Ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет. Қаржыны 4 көзден тарту жоспарланған. Бұл отандық және халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, бюджет пен Ұлттық қордың қаражаты, сондай-ақ энергетикалық объектілердің иелері.
Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығы мақсатында Үкімет деңгейінде қаржы институттары мен бизнеске тарифтердің қажетті деңгейлеріне, қарыздар мен капиталды қайтаруға кепілдік беретін құжаттарды қабылдау көзделген.