3.09.2024, 15:00
Оқылды: 105

Террористік әрекеттері үшін күдіктілерді ұстау туралы

"Тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

bfd186187c9a247ef2227af4ee67b084_1280x720

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.

Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале