4.09.2024, 10:30
Оқылды: 81

Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті

Дәл қазір Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі жазды.

69448C10-5B96-4D66-A577-6163E0B90E98

Сурет видеодан скрин

Депутаттар Президент Жолдауында айтылған салықтық әкімшілендіруді және салық режимдерін оңтайландыруы, салық жеңілдіктерін қайта қарау және басқа да бастамаларды жүзеге асыруы тиіс.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы аталған заңды сапалы деңгейде дайындау, сондай-ақ Парламент пен Үкіметте жаңа нормаларды ашық талқылау үшін Салық кодексін қабылдауды 2025 жылға ауыстыруды тапсырған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале