4.09.2024, 21:00
Оқылды: 8

Тасқалада Тілдер күні аталып өтті

Бүгін, кітапханашылардың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тілім менің — қасиетті қазынам» атты дөңгелек үстел өтті.

IMG-20240904-WA0144

Аталмыш шараның мақсаты ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру болатын. Оған «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Әбділманов , ардагер ұстаз, тіл жанашыры М.Нұрмақова, Тасқала аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М.Лұқбанов, - Тасқала ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Р.Утешева, аудан орталығындағы ЖББОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы-ның 10 сынып оқушылылары қатысты.

Шарада кітапханашылар тілдер күні туралы ақпарат беріп, қатысушы қонақтар мен оқырмандар тіл тақырыбындағы өз ойларын ортаға салса, кітапхана оқырмандары Ғайни Гүлнұр «Туған тілім – ана тілім», Воронцова Анита «Родной язык» және Мулдашева Амели «English language» атты үш тілде өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері Жапаева Эльмира «Ананың тілі», Сұлтанмұрат Бақдәулет «Ескі ауыл»атты әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тасқала аудандық ОКЖ-нің директоры А.Дүйсенова шараны қорытындылап, сыйлықтар табыс етті.

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале