4.09.2024, 23:50
Оқылды: 5

Облыстық делегация Астана қаласында

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың жетекшілігімен облыстың делегациясы шекаралық аймақтағы аудандарды дамыту мәселелері бойынша жұмыс сапарымен Астана қаласында жүр. Делегация құрамында Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов та бар.

image-04-09-24-11-42

Аудан басшысы «Жәнібек» шекаралық өткізу бекетін көпжақты өткізу мәртебесіне ауыстыру, республикалық бюджеттен ауданның инфрақұрылымдық жобаларын алдағы жылы қаржыландыру, ауыл шаруашылығын дамыту, басқа да жобаларды жүзеге асыру бойынша мәселелерді тиісті министрлік пен Парламент депутаттарына жеткізді.

image-04-09-24-11-42-1

Орталық мемлекеттік органдар мен Парламент депутаттары шекаралық аймақтағы аудандарды дамыту бойынша тиісті қолдаулар болатындығын баян етуде.

Гүлзара Мәди 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале