Бөкей ордасы ауданының басшысы Нұрлыбек Даумов облыстық делегация құрамында Астанаға жұмыс сапарымен барды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен, облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың жетекшілігімен көршілес Жәнібек, Казталов аудандарының әкімдері шекаралық аймақтағы аудандарды дамыту мәселелерімен тиісті сала министрлерң мен Парламент депутаттарының қабылдауында болды.
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов «Молодость» шекаралық өткізу бекетін көпжақты өткізу мәртебесіне ауыстыру, республикалық бюджеттен ауданның инфрақұрылымдық жобаларын алдағы жылы қаржыландыру, ауыл шаруашылығын дамыту, басқа да жобаларды жүзеге асыру бойынша мәселелерді ортаға салды.
Орталық мемлекеттік органдар мен Парламент депутаттары шекаралық аймақтағы аудандарды дамыту бойынша қолдау болатындығын жеткізді.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы