5.09.2024, 17:15
Оқылды: 298

Шыңғырлауда Отбасы күніне орай түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр

Отбасы – адамның өмірдегі ең басты байлығы, үлкен бақыты. Әр адамның жанұя құрып, ұрпақ өрбіту – басты мақсаты. Сондықтан да қазақ халқы отбасы құндылықтарын бірінші орынға қойған.

1B1E7B69-F42C-4A19-A284-9EBB56CCD9B9

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Шыңғырлау ауданында осы мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі, әрі ерекшесі Дән ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері өткізген «Отбасым – бақыт мекені» атты шара.

Ауданға белгілі, үлгілі отбасылармен кездесу ретінде өткен мерекелік шара көптің көңілінен шықты. Қатысқан үш отбасы көрерменге өздерін таныстырып, отбасы құндылықтары жайлы сыр шертіп, ұйымдастырушылардың дайындаған түрлі сайыстарына түсті. Атап айтсақ, айналасындағыларға сыйлы, тату-тәтті, үлгілі Тұрғалиевтер, Губенко, Бекберлиевтер жанұялары кездесудің қонақтары болды.

5CA35CE1-70C9-4465-82C4-CAFAF6233284

Олар бір шаңырақ астында шағын мемлекет құрудың, бүтін, бақытты отбасы болудың ерекшеліктері, қиыншылықтары жайында әңгіме өрбітті. Көрермен болған жастар өнегелі отбасылардан үлгі алып, ата-ана қадірін, жанұя құндылығын түсінсін деген мақсат орындалды.

Шара соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Олжас Сейтімов қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алғысхаттары мен сый-сыяпаттарын табыстады.

8C9ADDB8-EFF8-4CED-974C-988B9195AAB6

Сондай-ақ шарада Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аэлита Гоптаренко

отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша баяндама жасап, әр адам біліп жүру керек ақпараттармен бөлісті.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале