Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындады.
Сурет: Ақорда
Олжас Сүлейменов Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметіне тағайындалды.
Қайрат Әбдірахманов (Бұрынғы Сыртқы істер министрі) Нидерландыдағы елші және бір мезгілде Қазақстанның Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Асқар Жұмағалиевті алмастырды.
Сергей Нұртаев Қазақстанның Швеция мен Даниядағы елшісі қызметінен босатылды.