6.09.2024, 15:00
Оқылды: 162

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 2 күн қалды.

C661664A-953A-4407-8A43-D0A572B35126

Сурет әншінің жеке парақшасынан алынды

8 қыркүйек күні сағат 16:00-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты алдында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Бағдарламада музыка, би және дәстүрлі өнер арқылы қазақ мәдениетінің сан алуан байлығы көрермен назарына ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Концерт аяқталғаннан кейін ресми ашылуы сағат 19.00-де басталады. Ашылу салтанатында заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіледі. 3 000-ға жуық өнерпаз қатысады. 

Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді. 

Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале