7.09.2024, 12:00
Оқылды: 123

Тасқалада «Толағай» отбасылық сайысы өтті

12 қыркүйек – Отбасы күніне орай С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің спорт залында «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Галиева қатысты.

IMG-20240907-WA0005

Сайыстың мақсаты – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың бойында спортқа қызығушылық ояту және ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Алғашқы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы келе жатқан Отбасы күнімен құттықтап,  сайысқа қатысатын отбасыларға сәттілік тіледі.

Таныстыру мен әр түрлі сайыстардан тұратын 7 кезеңді қамтыған жарысқа 1-4 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты. Барлық сайысқа отбасылар белсенділік көрсетіп, нәтижесінде І орынды  Давлетовтар отбасы иеленсе, ІІ орын мен ІІІ орынды Мусралиевтер мен Нигметовтар отбасы қанжығасына байлады.

Барлық жеңімпаздарға кубок, медаль мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале