Биыл Қазақстан өңірлерінде жемшөптің егіс алқабы 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылған жемшөп үлесі 13%-дан 14%-ға дейін ұлғайды. Бұл туралы АШМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: freepik.com
Осы жылға 24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық жоспар – 36,7 млн тонна), 1,7 млн тонна пішен, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.
2024 жылғы 6 қыркүйекте 28,2 млн тонна шөп дайындалды, бұл бір жарым жылдық жоспардың 76,8% құрайды.
Жылдық жоспардан 1,7 млн тонна пішен немесе 103,7%, 1 млн тоннадан астам жем, 657,5 мың тонна сүрлем және 1,5 млн тонна сабан жиналды.
Жалпы өңірлерде жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.