9.09.2024, 17:30
Оқылды: 51

ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Амур» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

CB6563F6-790C-4B05-B47F-1EEFB435ED4D

 Сурет: freepik.com

Кездесу бүгін, 9 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталады. Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездескен. Оның 31-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі екі ойында қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Трактор» (Челябинск) командаларына есе жіберді.

Енді 13 қыркүйекте елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» сапына америкалық шабуылшы қосылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале