ІІМ Маңғыстау облысындағы оқушылардың улануына қатысты тергеу барысы туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысының полиция департаменті Мұнайлы ауданында оқушылардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Қылмыстық іс шеңберінде тергеушілер мектеп, асхана және жеткізуші компания қызметкерлерінің қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Мектеп асханасына азық-түлік сатып алынған нысандар орнатылды, жеткізу шарттары мен үлгілері алынды, қажетті зерттеулер тағайындалды.
Тергеу іс-шаралары мен зерттеу нәтижелері бойынша кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр.