9.09.2024, 17:45
Оқылды: 102

Жаңақалада халықтық штаб іске кірісті

Бүгінгі күннен бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған халықтық штаб жұмысын бастады.

1496D020-F186-405D-8880-88CD937394CF

Аудандық Рухани орталық мекемесінде және Қызылоба ауылында «Аманат» партиясының ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары ретінде жиын өтті.

Аудан орталығында өткен жиынға ардагер Фазыл Сапаров және «Аманат» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кеңесшісі Гүлбану Сарсенғалиқызы жұмыстанса, ауылдық округте үгіт-насихат тобының мүшелері болып Айбек Тасанов, Қуаныш Шарафутдин өткізді.

6F5258DA-DC68-4822-B639-1A9C87BFB45E

Жолдауды талқылағаннан кейін, алдағы референдумның маңыздылығы жөнінде айтылды. Әрі қарай АЭС (атом электр станциясы) тақырыбында жиналыс өткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін, пікір алмасып, қызу әңгіме өрбіп, тұрғындар ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының кезекті бастамасын қолдайтындар да, қарсылық білдіргендер де табылды.  Алдағы уақытта да ауылдарда түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале