9.09.2024, 22:30
Оқылды: 190

Описторхоз ауруы: облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай қалай?

Жыл басынан бері облысымызда описторхоз ауруының 92 жағдайы тіркелді. Былтырғы жылдың осы кезімен салыстырғанда 1 жағдайға өскен. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

dybomСурет: fishmanual.ru

"Описторхоз – бұл адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын құрт ауруы.

Описторхоз инфекциясы шикі немесе жеткіліксіз қақталған, сүрленген, пісірілген, қуырылған тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жегенде және зарарсыздандырылмаған кесу құралдарын, пышақтар мен ыдыстарды қолданғанда және балық тағамдарын дайындау кезінде пайда болады"- дейді маман.

Описторхоздың алдын алу үшін:

  • балықты термиялық өңдеу ережелерін қатаң сақтау қажет;
  • шикі немесе термиялық өңделмеген балықты тұтынуды болдырмаңыз, балықты кескеннен кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
  • белгіленбеген жерлерде балық сатып алмаңыз.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале