10.09.2024, 9:00
Оқылды: 196

Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны: Ұлттық құрама 25 медаль еншіледі

Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнін 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен аяқтады. Қазақ күресінен қатысқан 8 спортшының барлығы алтын медаль алды. Ал жамбы атудан үш орынды да ұлттық құрама спортшылары иеленді. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

4D1F4981-E6B4-4D8D-9C40-774B5FFAD7C3

Суреттер: Туризм және спорт министрлігі

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі.

Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды. 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек, 80 келіде Дарын Өткелбай жеңімпаз атанды.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды.

DEB19527-3647-48BF-A7FD-4CF0C2E561F8

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер әрқайсы төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 52 келіде Назерке Азаматова, 56 келіде Рауза Нұрмахамбетова, 60 келіде Бақыт Құсақбаева алтын медаль алды. Ал ерлер арасында 55 келіде Бекжан Төлепов, 60 келіде Мейіржан Берекетов, 66 келіде Дидар Тұқышев, 74 келіде Жұмажан Қожамбеков алтын медальға ие болды.

«Алау» мұз айдыны сарайында кураштан, мас-рестлингтен және асық атудан бәсеке өтті.

Кураштан қазақстандық алты спортшы жүлдеге ие болды. 87 келі салмақта Альбина Бахиева алтын жүлде алса, 79 келі салмақта Ажар Салықова мен +100 келіде Марат Байкамуров күміс жүлдені еншіледі. 81 келі салмақта Ерзат Арғынов, 81 келі салмақта Бекәділ Шаймерденов пен 87 келі салмақта Ұлболсын Адилова қола жүлде алды.

EE06C7A2-800D-49BA-A370-D5BE91580BF1

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленді.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпардан іріктеу кезеңінде Қазақстан Өзбекстанды 16-0 есебімен жеңді. Ал көкбөріден ұлттық құрама спортшылары АҚШ командасымен кездесіп, 18-0 есебімен айқын басым түсті.

Асық ату мен тоғызқұмалақтан да іріктеу жарыстары өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале