Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұялы телефон пайдалану ми қатерлі ісігінің даму қаупінің жоғарылауына байланысы жоқ екенін жариялады. Бұл тұжырым бүкіл әлем бойынша жиналған деректерді талдау негізінде жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Сурет: freepik.com
Әлемнің 10 елінен оннан астам сарапшылар 1994 жылдан 2022 жылға дейін жүргізілген 63 зерттеуге кешенді талдау жүргізді. Ең алдымен, олар, ұялы телефон, теледидар, радар сияқты құрылғылардағы радиожиіліктердің әсеріне назар аударды.
Зерттеудің бірлескен авторларының бірі, Окленд университетінің профессоры Марк Элвудтың мәліметінше, талданған зерттеулердің ешқайсысы ересектер мен балаларда ми қатерлі ісігінің, сондай-ақ гипофиз және сілекей безінің қатерлі ісігі сияқты басқа да қатерлі ісіктердің жоғары қаупі анықталмаған.
Бұл жұмыс ДДҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұялы телефондардың радиациясының денсаулыққа кері әсері туралы нақты дәлелдер жоғына қатысты бұған дейінгі тұжырымдарын қолдайды.
2011 жылы ұялы телефондардың радиациясын "мүмкін канцерогенді" (2B класы) санатына жатқызған Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігі (IARC) жаңа деректерді ескеріп, оның жіктелуін қайта қарауды жоспарлап отыр. Агенттіктің консультативтік тобы мұны мүмкіндігінше тезірек жасау керек деп санайды.
ДДҰ бағалау нәтижелері келер жылдың бірінші тоқсанында жарияланады.