10.09.2024, 9:30
Оқылды: 20

Ардагер ұстаз Илан Бекенұлы 70 жасқа толды

Ұстаздық жол – жер бетіндегі мамандық атаулыны  үйретіп, көрсетіп, маман қылып әлемдегі небір ізгі істердің майталмандары етіп шығаратын, қиын да қызық жол. Бүгінде Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде басшы болып,  абыройлы қызмет атқарған аяулы мұғалім, Илан Бекенұлы жемісті 70 жастың шыңына шығып отыр.

CD793644-DD1A-4DD2-BE2B-8C5D8600B916

Ұлағатты ұстазбен кездесіп, сұхбаттасуға ардагер ұстаздар мен әріптестері, шәкірттері қатысып, бір кездегі Илан Бекенұлының еңбек жолындағы абыройлы қызметі жөнінде ұмытылмас сырлы естеліктермен бөлісті.

Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі міндетін атқарушы, аудандық кәсіподақ төрайымы Асыл Кенжеғалиева ұстазға аудандық білім беру бөлімінің құттықтаухатын табыс етіп, иығына шапан жапты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бектілеуов, ардагер ұстаздар кеңесінің төрайымы К.Шакенаева құттықтаухат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Ұстазбен ұзақ жылдар жұмыстас болған әріптестері жылы естеліктермен бөлісіп, Илан Бекенұлының басшылық қызметіндегі тәртіпті, тазалықты жаны сүйетін қасиеттеріне ерекше тоқталды.

Кездесу кеші соңында қатысушылар «Жайнай бер,  Алманың мектебі» мектеп гимнін орындады.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале