10.09.2024, 17:00
Оқылды: 53

Жаңа заң жобасы банк секторына теңгерімді салық салуды енгізеді – Нұрлан Байбазаров

Ақша-кредит саясаты желісі бойынша Президент Жолдауын іске асыру жоспарында банктер мен кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін Заңның жаңа жобасын әзірлеу көзделген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

13B89A13-8DD0-4BD2-A160-DA17E31797F8

Сурет: Үкімет

«Заң жобасының негізгі міндеттері – экономикалық белсенділікті ынталандыру, цифрлық активтер мен қаржы технологияларын реттеу. Осы бағыт бойынша теңгерімсіздікті жою мақсатында төленетін дивидендтерді ескере отырып, банк секторына теңгерімді салық салуды енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады», - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Жалпыұлттық жоспардың ұсынылып отырған іс-шаралар тізбесі бюджет және салық саясатын оңтайландыру сияқты бағыттарды да қозғайды. 2026 жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. 2025 жылдың соңына дейін салықтық әкімшілендірудің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу көзделіп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале