Шыңғырлау ауданы орталығында ауыл шарушылығы өнімдерін сату жәрмеңкесі өтті. Аудан тұрғындары, кәсіпкерлері жәрмеңкеде өз өнімдерін сатылымға шығарды.
Атап айтсақ, ірі қара, қой еттерін, сүт өнімдері, бау-бақша өнімдері тиімді бағамен аудан тұрғындарына ұсынылды.
Жәрмеңкеге келген жұртшылық бағасы анағұрлым қолжетімді, қысқа қажетті картоп, сәбіз, қызылша және тағы басқа бау-бақша өнімдерін молынан сатып алды.
Сонымен қатар тосап жасаушыларға да жеміс-жидек түрлері барынша әкелінген.
Аталған жәрмеңке алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы