11.09.2024, 12:45
Оқылды: 300

Жапонияда әйеліне бір күнде 100 рет телефон соққан ер адам қамауға алынды

Жапонияда әйеліне күніне 100 рет телефон соғып, үнсіз тұрып, сөйлемеген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Sora News хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

BA1986FF-63C1-4A22-8CC8-985130A838C2

 Сурет: freepik.com

Басылымның мәліметінше, әйелге белгісіз нөмірден қоңыраулар түсе бастаған. Телефон соққан жай ғана үндемей, ауыр тыныс алған. Жапондық әйелдің телефонына бір тәулік ішінде осындай 100 қоңырау келген.

Ақыры ол полицияны көмекке шақырған. Тергеу барысында телефон соққан ер адамның сол әйелдің күйеуі екені белгілі болды. Артынша ер адам ұсталып, оған «адамды аңду» бойынша айып тағылды. Ер адам бұл әрекетін әйеліне үнсіз қоңыраулар арқылы махаббатын білдіргісі келгенімен түсіндірген.

«Мен әйелімді жақсы көремін, мен оған ештеңе айтпастан қоңырау шалдым», - дейді ол.

Полиция ерлі-зайыптылардың бірге тұратынын және мұндай оқиға бұрын-соңды болмағанын айтқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале