11.09.2024, 9:15
Оқылды: 70

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

Депутаттар Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісім мен биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

B2543E75-54B5-4FC3-AE28-D32078701E73

Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісі

Сонымен қатар Палата комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Оның ішінде депутаттар бастамашы болған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы да бар.

Мәжіліс сонымен қатар халықаралық құжаттарды ратификациялауға қатысты бірқатар заң жобасын жұмысқа қабылдайды. Олардың ішінде: БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісім, Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім, 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ телеарнасынан көре аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале