Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: Үкімет
Қазақстан вице-премьері соңғы жылдары Қазақстан мен Якутия арасындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай артқанын ризашылықпен атап өтті. Атап айтқанда, осы жылдың сәуір айында Астана мен Алматыда өткен Саха Республикасының күндері Қазақстан халқының есінде қалды.
Ол сондай-ақ Саха Республикасының қазақстандық-ресейлік сауда қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. 2023 жылы Қазақстан мен Якутия өңірлері арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық өсіп, $160 млн-нан асты. (2022 жылы – $78,5 млн). 2023 жылы Қазақстаннан Якутияға экспорт 68,6 есеге өсіп, $160,7 млн-ды долларды құрады, ал Якутиядан Қазақстанға импорт 53,2 мың долларды құрады (2022 жылы – $76,2 млн).
Кездесу барысында тараптар өзара сауданың әлеуеті толық жүзеге асырылмағанын, тауарлар жеткізілімін ұлғайтуға кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды, атап айтқанда, Якутияға кондитерлік және макарон өнімдерін, шоколад, ет-сүт өнімдерін, өсімдік майларын, жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынды. Қазақстанда минералды шикізатты кешенді өңдеуді дамыту және металлургияда жоғары технологиялық өңдеулерге көшу аясында мыс өңдеу жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Өз кезегінде Айсен Николаев Қазақстан мен Якутия арасындағы әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуын атап өтті. Түбі бір екі халықтың түркілік тамырлары, тілдік және мәдени мұрасы ескеріле отырып, Саха Республикасының басшысы Қазақстанда Якутияның шығармашылық мұрасы мен жетістіктерін көрсететін арт-кеңістік құруға ниет білдірді.
«Дәл осы кеңістікте біз республикамыздың мәдени байлығын, зергерлік және сүйек өңдеу өнері, бейнелеу өнері және басқа да өнер түрлерін көрсеткіміз келеді. Бұл кеңістік шығармашылық индустрия өкілдерінің кең ауқымын біріктіріп, әртүрлі мәдени және халықаралық іс-шараларды өткізу орнына айналар еді. Бізде осындай арт-кеңістіктер құрудың оң тәжірибесі бар. Қазақстандық достарымыздың қолдауымен осындай кеңістікті Қазақстанда да жасай алар едік, - деп ұсынды Айсен Николаев.