11.09.2024, 12:16
Оқылды: 60

2025-2026 оқу жылы: 31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр

Биыл 2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр.

297567DF-5A05-41DA-8E76-F0D4C3A8E225

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Мұндағы мақсат – жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сондай-ақ мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.

Апробация 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтарды қамтиды: «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Шет тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық). 

Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысуда, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.

Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале