«Тауық сойса да қасапшы сойсын» дейтін қазекем, малды бауыздап, артық қанын шығарып союға ерекше мән берген. Әйел адамға бауыздатпаған. Мал шошиды деп, көзінше пышақ қайрап, қан-жынды көзіне көрсетпеген екен.
Сурет: freepik.com
Теректі ауданы аумағында, яғни Богданов және Юбилейный ауылдарында екі мал сою алаңы бар. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, енді Шаған ауылдық округі Бекей ауылының аумағында «BT CONTROL STORY» ЖШС мал сою цехын салуды жоспарлап отыр.
Жобаны іске асыру мерзімі – биылғы жылдың қазан айы. Сонымен қатар жыл соңына дейін Теректі және Аңқаты ауылдық округтерінде де мал сою пунктін салу бойынша жер учаскелері аукционға шығарылады.
Сөздің орайы келгенде айта кетейік, биыл Аңқаты ауылында ветеринарлық пункт құрылысын жүргізу жоспарда бар. Ал Подстепный, Шалқар ауылдық округтерінде ветеринарлық пункт салу үшін жер учаскесі анықталды.
Самал Жамет
Теректі ауданы