11.09.2024, 21:17
Оқылды: 150

Теректіде облыстық халықтық штаб мүшелері еңбек адамдарымен кездесті

Атом электр стансасын салуды қолдау бойынша облыстық халықтық штаб мүшелері Азамат Сафималиев, Рүстем Майранов, Мынатаубиік Әнесов және Бақытжан Мұштанов, Сержан Идиятов Подстепный ауылдық округіне қарасты Юбилейный ауылындағы «Балакирев» шаруа қожалығына және Абай ауылындағы Талғат Қайрекешов жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барып, еңбек адамдарымен пікір алмасты. Оларға аудандық деңгейдегі үгіт-насихат тобының мүшелері Мирхат Ибраев пен Әлжан Нұрғалиев жол бастап барды.

IMG_2963

Әуелі шаруа қожалық басшысы Сағынғали Әлиев қарсы алып, жұмыс барысымен таныстырды. Бірден үлкен қожалықтың да болашағы электр қуатының мықтылығына байланысты екендігін байқадық.

Өз кезегінде Азамат Сафималиұлы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауын тілге тиек етіп, ең өзекті мәселеге ойысты.

Бұл – АЭС құрылысы. Мемлекет басшысы референдум өткізіп, халық пікірімен санасуды алдыңғы қатарға қойып отыр. Оның үстіне экономикаға ауадай қажет атом электр стансасының маңыздылығы күн тәртібінде екенін әр қазақстандық түсініп отыр. Бірақ Жаңа Қазақстанның мақсаты халықпен санасу.

IMG_2986

Мынатаубиік Тауфиқұлы өткен мен бүгінді байланыстыра сөйледі.

– Кезінде пайдаланған техникалар мен қазіргі дүниелердің арасы – жер мен көктей. Бүгінгі таңда халыққа қолайлы жағдай жасалуы үшін тұрғындарға қызмет көрсететін нысандар бой көтеріп келеді. Оның ішінде мектеп, аурухана бар. Ал солар күндердің бір күні жарықсыз қалса, не болмақ?! Бір күн жарық сөнсе, не істерімізді білмей абдырап қаламыз. Ал атом электр стансасының игілігін болашақ ұрпақ көреді. Мен бұған сенімдімін, - деді өз сөзінде.

IMG_2997

Бақытжан Мұштанов дамыған елдердегі ахуалды алға тартып, жер көлемі жағынан кішкентай болса да, атом электр стансасының қауқарымен экономикасы ілгері жүріп келе жатқанын баса айтты. Әрине топ ішінде пікір қайшылықтары туындағаны рас. Дегенмен штаб мүшелері әр сауалға бөлек тоқталып, толыққанды жауап берді. Алда, яғни 6 қазан күні өтетін референдумға үн қосуға шақырды. Барлығы келешек үшін екенін түсінген шаруалардың ой түйіп кеткені қуантты.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале