12.09.2024, 14:45
Оқылды: 116

Теректіде 15 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған

Бүгінгі таңда елді мекеннің дамуындағы басты қажеттінің бірі – сапалы байланыс және интернет екені әмбеге аян.

B8B3DAEB-09AA-4DBD-A84F-FEEACC4AA416

Теректі ауданы бойынша 15 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Биыл  Үлкен​ Еңбек, Юбилейный ауылдарын мобильді интернетпен қамту жұмысы жүргізілді.

«Қазақтелеком» АҚ операторы «радиокөпір» технологиясы арқылы үш елді мекен, яғни Подстепный, Ақжайық, Придорожный ауылдары интернетпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, сапалы байланыс және мобильді интернетпен қамту үшін Тоқпай ауылында байланыс оператордың базалық станциясы іске қосылды.

Ал Жарқын шағынауданына «Сас-Телеком» компаниясымен LAN кабель арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізіліп жатыр. Компания алдағы уақытта талшықты-оптикалық байланыспен Әйтиев, Магистральный, Пойма, Жайық ауылдарын қамтуды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытудың бір бағыты республикалық және облыстық автожолдарда байланыс және интернетпен қамтамасыз ету қарастырылған. Осы орайда Аңқаты ауылдық округі шекарасы аумағында бір антенна-діңгек құрылғысын орнату жоспарланды. Қазіргі уақытта антенна-діңгек құрылғысына арналған жер учаскесі анықталды. Жергілікті бюджеттен жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін 3 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Енді конкурстық рәсім шаруасы атқарылып жатыр, - дейді Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале