13.09.2024, 10:30
Оқылды: 118

БҚО-да полиция есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді құрықтады

Полиция қызметкерлері БҚО-да «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қатысы бар бірнеше азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

B22AA711-5735-4AE3-965A-22EB0F44EFFC

Сурет: БҚО ПД

Келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласының аумағында есірткі заттарын заңсыз өткізумен айналысқан 30 жастағы және 26 жастағы облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.  Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері Орал қаласының 28 жастағы тұрғынының көлігін тексеру барысында, салонынан есірткі заттары бар 4 zip-пакет табылып, тәркіленді. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кету керек, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика  аумағында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале