Хан ордасы ауылында АЭС салуды қолдау жөніндегі Бөкей ордасы ауданы бойынша құрылған халықтық штабтың мүшесі Асылболат Оңаев ауылшаруашылық саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиында Атом электр станциясының Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар серпінді жоба екенін атап өтті.
Өз кезегінде жиынға қатысушылар АЭС құрылысының Қазақстанның дамуы қажеттілігіне тоқталып, пікірлерін білдірді және сауалдарына жауап алды.
Темхар Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы