13.09.2024, 9:45
Оқылды: 34

«Барлық талаптар сақталса, АЭС салу еліміз үшін оң қадам болары сөзсіз» – Біржан Қуанәлиев

0BA58D30-BC9E-4032-BE97-87D0DD29EDED

Біржан Қуанәлиев

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы

– Атом электр станциялары (АЭС) еліміздің энергетикалық әлеуетін арттырудың маңызды қадамдарының бірі саналады. Әлемнің дамушы елдерінде АЭС тұрақты және тиімді жұмыс істеп, энергияның сенімді көзі ретінде пайдаланылып келеді.

Қазақстан үшін де осындай технологияларды қолдану уақыты жетті. АЭС салуда ең басты назар қауіпсіздікке аударылуы қажет. Мұндай жобаларды жүзеге асыруды құрылыс сапасы мен технологиялық стандарттарға сәйкес әлемнің жетекші елдерімен бірге атқару маңызды. Себебі АЭС құрылысы сапасыздықты кешірмейді.

Қазақстанда салынатын атом электр станцияларында МАГАТЭ талаптарына сай келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатын болады. Бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы – атмосфераға СО2 шығарындыларының таралмауы және табиғатқа зиян келтірмеу. Барлық талаптар сақталса, АЭС салу еліміз үшін оң қадам болары сөзсіз.

Сонымен қатар атом электр станцияларының құрылысы мультипликативті әсер береді. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде сегіз мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде екі мың адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда онға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале