Көршілес Атырау облысындағы Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Мұнайлы елім – киелі жерім» атты батыс аймақтық ақындар айтысы өтті.
Оған Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан жыр жүйріктері қатысты.
Осы айтулы сөз аламанында Оралдың намысын қорғаған жерлесіміз Айнабек Бисенғалиев I орын жеңіп алды.
Ол алғашқы айналымда атыраулық Серікбол Панабердиевпен айтысса, екінші айналымда Мақат ауданының жұртшылығы аламанға үкілеп қосқан Нұрбек Сарбасовпен сөз қағыстырып, тамаша айтыс үлгісін көрсетті.
Асыл Қайрат
Ақжайық ауданы