13.09.2024, 23:00
Оқылды: 106

Шыңғыстың жазбалары оқырманға жол тартты

Бөрлілік жас ақын Шыңғыс Ромашевтың "Жастық шақтың жазбалары" атты тырнақалды туындысы оқырманға жол тартты.

IMG-20240913-WA0123

Сахнада жас шайырдың мұңды сағынышқа толы ғазал жырлар мен бүгінгінің бүкпесіз тірлігі арқау болған әдеби көркем шығармалары оқылды.

Ауыл әкімі Қуандық Рашқалиев сөз алып, Шыңғыстың ойы орамды, тілі жеңіл, жырларынан табиғи иірімдерге есіп тұрған, проза, әңгімелері оқығанға ой тастайтын тұңғыш кітабын оқуға шақырды.

Шыңғыстың әріптестері ұстаздар қауымы да осы ортадан табылды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Тастеева да әріптесіне игі тілегін білдіріп, қаламының мұқалмауын тіледі. Т.Масин ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Светлана Базарбаева бастаған ардагер ұстаздар кезінде талабы зор шәкірт болған Шыңғыс Нұрлыбекұлының бүгінде боламын деген жас буынға бағыт бере алар талантты ұстаз екенін айтып, кеш иесіне шығармашылық табыс тіледі.

IMG-20240913-WA0121

Көркемөнерпаздар Ж.Рамазанова, Ө.Нанаева, Е.Болат, Р.Қажыкендер әннен шашу шашып, кеш шырайын келтірді. Ал, Шыңғыстың Әсем Әділбекқызы бастаған шәкірттері автормен бірге сахнаға көтеріліп, лирикалық шығармалардан шашу шашты.

Бөрлілік жас ақынның бұл қуанышын ауылдастары ортақ қуаныш санап, ақынның аяғын жерге тигізбей десе болады. Тұсаукесер салтанатына қатыса алмаған Нұрлыбай Есімғалиев, Естай Рашқалиев, Бауыржан Зинешев, Нұркен Амангелді сияқты бөрліліктер бейнежазба арқылы құттықтауларын жолдады.

IMG-20240913-WA0115

Ақын Шыңғыстың шәкірті Әсем Әділбекқызы ұстазының "Көктөбе " өлеңін нақышта келтіре оқыды.

"Жастық шақтың жазбалары" кітабының тұсау кесу рәсімі Шыңғыстың үлкен әжесі Садирова Күнсұлу әжеміз бен ауыл әкімі Рашқалиев Қуандыққа жолданды.

IMG-20240913-WA0125

Тамаша кеш Шыңғыс Нұрлыбекұлының сөзіне жазылған Әскер Болатұлының әнімен түйінделді.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале