14.09.2024, 16:00
Оқылды: 59

Жәнібек ауданына 6313 орамашөп жеткізілді

Шөп тасымалы жалғасуда. Қазіргі таңда 26 бірлік автокөлік мал азығын тасымалдап жатыр. Жәнібек ауданы тұрғындарына күні бүгінге 6313 орамашөп жеткізілді.

image-13-09-24-09-12

Соның ішінде Жәнібекке 1560, Ақобаға 568, Борсыға 315, Жақсыбайға 585, Қамыстыға 488, Күйгенкөлге 314, Таловқа 585, Тауға 795, Ұзынкөлге 1103 орамашөп мал азығы жеке тұрғындарға түсірілді. Мал азығын тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале