Елімізде әлі күнге дейін атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқылануда. Бір тарап, керек екенін айтса, екінші тарап түбегейлі қарсы. Жалпы АЭС қазақ еліне қандай пайда алып келеді? Оның маңыздылығы неде? Соған жауап іздеп көрейік.
Сурет: kursiv.media
Ең алдымен АЭС тұрақты электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді, бұл энергия қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды. Олар ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істей алады, бұл электр қуатын өшіру қаупін азайтады. Екіншіден жанармайдың жоғары тиімділігі: атом электр станциялары уран сияқты ядролық отынды пайдаланады және жанармайдың бір зарядымен көптеген жылдар бойы жұмыс істей алады. Бұл отынды жиі ауыстыру қажеттілігін азайтып, экономикалық үнемдеуге әкеледі. Одан бөлек үлкен көлемдегі энергия береді. Яғни атом электр станциялары ірі қалалар мен өнеркәсіптік аудандардың энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын үлкен көлемдегі электр энергиясын өндіруге қабілетті. Көп адлам АЭС ауаның аз ластануына әкеп соғатынын алға тартады. Бірақ көмір және газ электр станциялары сияқты дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда, атом электр станцияларында күкірт және азот оксидтері сияқты зиянды заттардың шығарындылары төмен екенін ескермейді. Тағы бір ұтымды тұсы энергия импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Өздерінің атом электр станциялары бар елдер энергия импортына тәуелділігін азайтып, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе алады. Сондай-ақ зерттеулер мен инновацияларға жол ашады. Атом энергетикасының дамуы ғылыми зерттеулер мен инновацияларға ықпал етеді, бұл қауіпсіз және тиімді технологияларға әкелуі мүмкін.
Sputnik басылымына сұхбат берген Сергей Кислицын атты ядролық физика саласында 1977 жылдан бері жұмыс істейтін, өмір бойы ядролық физика институтында жұмыс еңбек еткен, атом реакторында жұмыс істейтін мамандарға сабақ берген АЭС салу қазақстандықтарға қажет екенін айтты. Ол өз сұхбатында атом электро станциясын тез арада салып алған жһн екенін айтты. Сонымен қатар маман осыдан біраз уақыт бұрын АЭС салып алған Өзбекстанда өнеркәсіп белсенді дамып жатқанын тілге тиек етті. Бар өмірін осы салаға арнаған Сергей Кислицын 2030 жылға қарай елде электр энергиясының тапшылығы болады деген болжам барын да жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде көмірмен жұмыс істейтін жылу станциялары біртіндеп істен шығып жатыр. Оларды жөндейді, бірақ олар КСРО кезінде салынған қуат беру станциялары әбден тозғаны ал АЭС салу электр генерациялайтын құрылғыларды ауыстыру қажеттілігінен туып отырғанын жеткізді.
Сол себепті өзге елден алатын қуат көзіне тәуелді болғанша, өз АЭС-міңзді салып игілігін көрген әлдеқайда тиімді. Тек бұл шаруа үлкен жауапкершілікті талап ететінін ұмытпаған абзал.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»