Әлібек Сүйінішев, Тау ауылдық мәденет үйінің жетекшісі
- Қазақстанда АЭС бойынша референдум 6 қазанда өтеді деп жоспарланып отыр. Аталған мәселеге келгенде халық пікірі екі жаққа бөлінді. Ал өз басым оң нәтижесін көретінімізге сенім білдіремін.
Мысалы, жасыл экономика деген дүние бар. Қазір біз энергияның басым бөлігін көмірден, мұнайдан алып жүрміз. Бірақ оның барлығы ауаға лас қалдықтар бөледі. Сәйкесінше экологияны бүлдіреді. Ал АЭС баламалы энергетика көзіне жататындықтан ол арқылы алынған энергияға салық салынбайды. Өйткені ол таза, экологияны ластамайды. Жалпы АЭС құрылысы – заман талабы болғандықтан қалай болғанда да, одан айналып өте алмасымыз анық. Бұл біз таңдауға тиіс мәжбүрлі бастама болса да, еліміздің жарқын болашағы үшін, келешек ұрпақ үшін қабылдауға тиіс шешім. Жоқ дегенде ол бізді энергобаланстың қауіпсіздігіне алып келеді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, өндіріс пен халықтың қажеттілігін өтеу үшін жетерлік деңгейдегі электр энергиясы өз қолымызда болады. Қазір әлемде шамамен 250 АЭС жұмыс істеп жатыр. Оның барлығы дамыған елдерде орналасқан. Озық елдердің қатарында болғымыз келсе АЭС-тан бас тартпағанымыз дұрыс шешім болады деп ойлаймын. Ел ертеңіне бей-жай қарамайтын халықты референдумнан қалыс қалмауға шақырамын.
,