15.09.2024, 9:06
Оқылды: 64

Жәнібекте ауыл әкімін сайлау басталды

Бүгін Жәнібек ауылдық округінде әкім сайлауы басталды. 06.40-та дауыс жинайтын, яғни тұрақты және тасылмалданатын жәшіктер пломбаланып, 06.50-де ҚР Мемлекеттік Гимні ойналды. 07.00-де дауыс беру басталды.

image-15-09-24-07-21-2

Сайлаушылар Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі №136 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауды бастап кетті. Аумақтық комиссияның мәліметінше, аталған учаске бойынша бойынша 1322 сайлаушы тізімге енген. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

image-15-09-24-07-21

Ауыл әкімі лауазымына 3 үміткер тіркеліп,сайлауға қатысып жатыр.

Арай Сейфолла, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале