15.09.2024, 9:17
Оқылды: 81

Жаңақала ауданы: Мәстексайда ауыл әкімі сайлануда

Бүгін Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылдық округінде ауыл әкімі сайлауы өтуде. №132 сайлау уческесі 6:00 ашылып, тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығын, оларда сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті қойылғаны тексерілді.

IMG-20240915-WA0004

Алдымен, Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, жауапты комиссия мүшелері жарияланды. Жергілікті тұрғындар 7:00 - ден бастап заң нормалары белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауын жасауда. Сондай-ақ, сайлаудың ашық әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері сайлау үдерісіне жіті бақылау жүргізуде.

IMG-20240915-WA0016

Бүгінгі сайлауда алғаш болып өз таңдауын жасаған тұрғындар Ұзақбай Аюпов және Өтепберген Мұхамбетов пен жолдасы Бақытжамал Ешболоваға сыйлықтар табыс етілді.

IMG-20240915-WA0012

Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Гүлбағым Хайдарқызының айтуынша, №132 сайлау учаскесінде 697 сайлаушы бар. Үйден дауыс берушілер саны - 29.

Фариза Махамбетова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале