Бүгін Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы және Мұратсай ауылдық округтерінде сайлау өтіп жатыр. Екі бірдей ауыл тұрғындары алдағы төрт жылға ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша өз таңдауларын жасауда.
Сайлау барысы әдеттегідей 06.40-та дауыс жинайтын, яғни тұрақты және тасылмалданатын жәшіктерді пломбалаудан басталды.
06.50-де ҚР Мемлекеттік Гимні ойналып, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары сөз алды.
07.00-де дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғаспақ. Әкім лауазымына әр округтен үш-үштен үміткер тіркеліп, сайлауға қатысып жатыр.
Ұялы ауылында 629, Мұратсай ауылдық округінде 545 сайлаушы бар. Дауыс беруші тұрғындардың белсенділігі жоғары.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы