Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылдық округі әкімін сайлау науқанына Қуаныштың Бекарысы да келді. Ұлттық киіммен келген кіп-кішкентай Бекарыс саяси науқанға ерекше бір жылы леп бергендей.
Балақайдың анасы Гүлсезім ауыл кітапханасында жұмыс жасайды.
Кітапханашы келіншек:
- Так атқалы ауыл тұрғындарының үлкен-кішісі дауыс береміз деп мәдениет үйіне қарай ағылуда. Жолай тоқтай қалып, амандық-саулық сұрасып, мәре-сәре болған ауылдастар үшін кішігерім бір мереке тәрізді. Саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауыңды жасау - әр азаматтың міндеті деп білемін. Қоғам белсенділігі әр тұрғынның жауапкершілігінен басталады емес пе? - дейді.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы