16.09.2024, 10:15
Оқылды: 92

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады

11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

BF545E2E-DD75-4D5B-8A68-BEDE3B13B569

Сурет: Olympic.kz

Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. 

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылар есімі белгісіз. 

«Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз», - деді бас бапкер. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті. 

Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале