16.09.2024, 9:45
Оқылды: 43

Дзюдодан Қазақстан командасы Хорватиядағы Гран-при турнирін екі алтынмен аяқтады

Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирін екі  алтын медальмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

14B08DD9-5A7B-4136-85B2-D9A82F6A8EA1

Сурет: Olympic.kz

Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде австриялық Мария Холвартқа есе жіберді. 

Осылайша, Қазақстан еншісінде үш медаль бар.

Бірінші орынды Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) еншілесе, Ғалия Тынбаева (48 келі) екінші орынға тұрақтады. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале