16.09.2024, 10:30
Оқылды: 103

Бөкей ордасында қос ауылдың әкімі сайланды

Бөкей ордасында екі ауылда округ әкімінің сайлауы өтті.

6CF5F479-264C-4584-B60E-D6C7FB4984F0

Сурет: freepik.com

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «ҚР-дағы сайлау туралы»  Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45-бабына және 113-10-бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі. Мұратсай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 545 азамат енгізілді, оның 316-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» – 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бисекенов Н.Н. - 63 (20,7%)
Кадыров Б.Н. - 204 (67,1%)
Рахимов Е.К. - 37 (12,2%)

Қадыров Бисен Нұрбекұлы 1991 жылы туған, «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны. Мұратсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ал, Ұялы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 629 азамат енгізілді, оның 408-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Барлығына қарсы» – 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ермеккалиев Е.Н. - 301 (76,2%)
Кшимов А.Б. - 43 (10,9%)
Такесов Д.К. - 51 (12,9%)

Ермекқалиев Ерлан Нұрболатұлы 1984 жылы туған, «Ұялы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкімі.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының тұрғыны. Ұялы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале