16.09.2024, 11:45
Оқылды: 113

ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

331786FF-8DBD-4046-8597-2EA73F2C900D

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале