16.09.2024, 11:30
Оқылды: 64

АЭС жөніндегі халықтық штабтың ресми сайты іске қосылды

Жаңа портал «aes2024.kz» деп аталады. Сайт «Жаңалықтар», «Атом энергетикасы туралы» және «АЭС салу бойынша» деген 3 негізгі айдарды қамтиды. Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады.

27CB04A7-910D-4FD4-9F2B-B1AE0D9F5C44

Фото: freepik.com

Жаңа порталдың мақсаты – еліміздегі атом энергетикасының даму перспективаларын жан-жақты түсіндіру.

Жалпы әлемдегі атом энергетикасының тарихы, атом электр станцияларының саны, оларды салудағы халықаралық тәжірибе және қауіпсіздік стандарттары туралы ақпараттар қамтылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале