16.09.2024, 17:30
Оқылды: 72

Оралбек Кенханов: «Елімізде көмір электр стансасының тозығы жеткен»

A5E4232A-CA21-4858-9D6B-3F6AB4C6825C

Сурет: freepik.com

Оралбек Кенханов

Қамысты ауылының тұрғыны

– Елдік мәселелерді халық болып шешу бабаларымыздан қалған маңызды қадам екені тарихтан белгілі. Ел басына күн туғанда халық болып жиналып, болашаққа қатысты мәселелерді шешетін. Мысалы, Күлтөбе, Мартөбе, Битөбе сынды жерлерде басқосып, халық кеңесі өтетін. Ал бүгінде ел өміріндегі маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасын салуға қатысты референдум тақырыбы қоғам талқысына түскеніне бір жыл  толып отыр. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұрғанын ел Президенті соңғы Жолдауында айтқан болатын.

Бүгінде елімізде өндірілетін барлық электр энергияны 70% көмір электр стансасынан алып отыр. Алайдабұл тығырықтан шығатын жол емес. Себебі елімізде көмір электр стансасының тозығы жеткен және елді толық электр энергиямен қамти алмай отыр. Сондықтан еліміз көрші елдердің сыртқы нарығына тәуелді. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп бара жатыр, соған байланысты елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергиясын дамытуға баса мән беруіміз керек екенін Жолдаудан көрдік.

Жерлестерімді 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға келіп, болашаққа қатысты дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале