Бүгін Казталов аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсүлу Шәкенаева мен жастар ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов АЭС салу жөнінде «Ақбота» бөбекжайының ұжымымен кездесті.
Кездесуде қоғамдық штаб мүшелері келешекте энергия тапшылығын болдырмау үшін АЭС салудың тиімділігі мен маңыздылығын түсіндіре отырып, 6 қазанда өтетін референдумға қатысуға шақырды.
Ұжым мүшелері де атом электр станциясын салудың еліміз үшін тиімді екенін және қолдайтындықтарын, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.
«Ауыл айнасы», Казталов ауданы