Штаб мүшелері Пятимар ауылдық округінде Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі ұжымы, ауылдық кітапхана және БПҰ мүшелерімен АЭС салу жөнінде жиын өткізді.
Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы кеңінен айтылып, ең өзекті болып отырған мәселе елімізде атом электр станциясын салу жөнінде пікірлер талқыланды. Кездесу барысында ұстаздар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойды.
Басым бөлігі АЭС салынған жағдайда энергетика тапшылығының алдын алу, экономикалық, экологиялық жағдай жақсарғанымен, оның қауіпсіздігіне алаңдайтындарын да жасырмады.
Дегенмен алдағы болатын жалпыхалықтық референдумда өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы